Данияр Әшімбаев Үкіметтегі баспасөзге байланысты пікір білдірді

0

Данияр Әшімбаев телеграм-арнасында бүгінгі Үкіметтегі баспасөзге байланысты өз пікірін білдірді.

“Бүгінгі Үкіметте баспасөз да ескі мәселені көтерді. Негізі Министрлер өткір сұрақтарға жауап беріп, өз ұстанымдарын дәлелдей білуі керек. Бірақ отставкаға, бастықтардың ауысуына байланысты немесе сауалдан қашу сияқты сұрақтар теріс пікір қалыптастырады. Ол жерде қызықты және талқылануы керек тақырыптар ұмыт қалады.

Роман Скляр бүгін олардың жасаған шабуылына ұтымды жауап берді, бірақ іс жүзінде Үкіметке қандай да бір бақылау енгізу керек.
Жақында президент кейбір блогерлердің әкімдерді қалай қудалап, улап жатқаны туралы да айтқан еді.
Бізде медиа-сала стандарттары өзгеріп кетті. Себебі аналитиканың, кәсібиліктің орнына арандатушылық, жанжал әрекеттер басты. Бұл тіпті идеологиялық емес, жеке көзқарасты ғана білдіреді”, — деп жазды автор.

Фото: facebook.com