Данияр Ақышев Президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды

0

Мұның алдында ол ҚР Ұлттық банкінің басшысы болған еді.

Мемлекет басшысының өкімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұның алдында Ақышев ҚР Ұлттық банкінің басшысы болған, 25 ақпанда оның орнына Ерболат Досаев тағайындалды.

Ақышев Данияр Талғатұлы 1975 жылы дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару акамедиясын бітірген, мамандығы – экономист, саласы – банк ісін ұйымдастыру.

Еңбек жолы:

· Орта-Азиялық қор биржасының жетекші экономисі (11.1995-11.1996);

· ҚР Ұлттық банкі Зерттеу және статистика департаментінде түрлі қызметтерде болды (11.1996-08.2007);

· ҚР Ұлттық банкі Зерттеу және статистика департаментінің директоры (06.2003-08.2007);

· ҚР Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары (28.08.2007-08.2014);

· ҚР Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президенті көмекшісінің міндетін уақытша атқарушы (08.2015 бастап) (08.2014-02.11.2015);

· ҚР Ұлттық банкі Төрағасы (02.11.2015-02.2019).

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz