Даниалдың даулы дәретханасы

0
Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігіне қарасты «ТАЗА Өскемен» мемлекеттік мекемесі өткен жылдың соңында жалпы құны 30 млн 57 мың 600 теңге тұратын 6 модульдік дәретхана сатып алған. Бұл туралы Әділдік жолы Республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Дидар Смағұлов мәлім етті, деп хабарлайды kznews.kz сайты qamshy.kz порталына сілтеме жасап.
Жалпы соманы 6-ға бөлгенде әр дәретхананың құны 5 млн 416 мың 320 теңге болып  шығады. Дидар Смағұлов мұндай бағаға Өскемен қаласынан бір бөлмеі пәтер салып алуға болатынын айтады.
Сөзінше, дәретханаларға унитаз қойылмаған. Тек едендегі тесік секілді Генуя кесешелері орнатылған. Оның өзі біреу ғана.
«Сараптама бірнеше орынға шақталған мұндай конструкциялар 2 млн теңге тұратынын көрсетіп отыр. Ал біздің жағдайымызда бір орындық кабиналар сатып алынған. Крыша сайтынан Өскеменнен 1 бөлмелі жақсы пәтерді 5 жарым миллионға табуға болаиынын ескерсек, бұл сатып алу нағыз мазап болып тұр» дейді Әділдік жолы Республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры facebook парақшасында.