Даниал Ахметов желіде видео жариялады

0

Ахметов жергілікті кәсіпорындарда қорғаныс бетпердесін жасау туралы шешім қабылданғанын айтты. 500 мың дана маска шығару жоспарда бар

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз — Sputnik. Наурыздың үшінен бастап Шығыс Қазақстан аумағында көпшіліктің қатысуымен өтетін бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды. Бұған салтанатты жиындар, конференциялар, спорттық іс-шаралар, соның ішінде халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерттер енген. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өңір басшысы Даниал Ахметов жазды.

«Қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелері қажетті құрал-жабдықпен, дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Бұған қоса, ауруханаларда арнайы оқу-жаттығулар өткізіліп жатыр. Сондықтан бұл сақтық шараларына түсіністікпен қарап, қорықпауға шақырамын!», — деп жазды Ахметов. 

Тағы оқыңыз: Мереке күндері кімдер жұмыс істейді — президент тапсырмасы түсіндірілді

Сонымен қатар, Ахметов жергілікті кәсіпорындарда қорғаныс бетпердесін жасау туралы шешім қабылданғанын айтты.  500 мың дана маска шығару жоспарда бар.

 



sputniknews.kz