Даниал Ахметов Риддерде әкімнің орынбасарының қатысуымен орын алған жол апатына қатысты пікір білдірді — новости Казахстана

0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов сәуір айында Риддер әкімінің орынбасарының қатысуымен орын алған жол апатына қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Даниал Ахметов. Фото: altaynews.kz

Даниал Ахметов. Фото: altaynews.kz

«Бұл өмір. Қайғылы қаза орын алғанына мен де өкінемін. Бұл жағдайда расымен әкім (ред: Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев) өзін лайықты ұстай білмеді. Бірақ ол қазір басқа жерде», — деді Ахметов Астанада өткен брифингте

Облыс әкімі жол апатының жас шенеуніктерге сабақ болғанына сенімді.

«Менің ойымша, айналамдағы жас әкімдер мен орынбасарлар шулы оқиғадан соң оң шешім қабылдады. Өскемен әкімі де, менің орынбасарым да жас шенеуніктер. Бұл оқиға оларға сабақ болды», — деді Даниал Ахметов.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан әкімі бұл оқиғаны қайта қазбаламауды сұрады.

«Оны қаралап, қайтсек те жер-жебіріне жетейік деген көзқарастан арылайық. Өмірдің өзі оған үлкен сабақ болды. Бірақ ол уақыт өтті. Өткенді қазбалай бермей, бүгінімізбен өмір сүруді үйренейік

Айта кетейік, 15 сәуір күні Риддерде әкімнің орынбасарының қатысуымен орын алған жол апатынан 19 жастағы бозбала қайтыс болды.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар