Даниал Ахметов өзінің отставкаға қашан кететіні туралы сұраққа жауап берді

0

Журналист Асхат Ниязов Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтен отставкаға қай уақытта кететітін сұрады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналист Ахметовтің өңір әкімі атынан өкілеттік мерзімі аяқталатынын еске салып, оның қашан орнын босататынын тікелей сұрады.

Оған Ахметов жалтарып жауап беруге тырысты.

«Сіздің сұрағыңыздың екінші бөлімі менің жасқа байланысты болатынын сезіп тұрмын», − дейді ол видеода.

Ниязов Өскемен қаласының тұрғындарымен сөйлескенін, олар Ахметовтің тоғыз жыл бойы әкімнің креслосында отырғанын, қызметінен кететін уақыт жеткенін айтқандарын жеткізді.

Өңір басшысы кадр сыртында отырған және журналисттің келуіне байланысты жанжал шығарған әйелдерді көрсетіп, олардың өзінің билігіне қарсы емес екенін атап өтті. Әйелдердің бірі әкімнің Қазақстан үшін тырысып жатқаны туралы айта бастады, ал Асхат Ниязовтың жұмысынан ешқандай пайда көріп тұрмағанын жеткізді. Ол тіпті Ниязовты жақында қайтыс болған Риддер әкімінің өліміне кінәлі деп айтыптады.

Алайда Ахметов оның сөзін бөліп, бастапқыда қойылған сұраққа жауап беруге бел буды.

«Президенттің жарлығы бар. Президенттің Жарлығы қатаң түрде ҚР Конституциясы мен заңдарына негізделеді, онда менің тағайындауым туралы көрсетілген. Менің отставкаға кетуім немесе басқа жерге ауысуым тек Президентпен байланысты. Сондықтан біз жұмыс істейміз, біздің басты міндетіміз – қоғам мүддесіне қызмет ету және берілген тапсырмаларды орындау. Егер қоғам қарсы болса, онда тағы да айтқым келеді. Әкімді тағайындау рәсімі екі жақты жүреді. Алдымен барлық деңгейдегі мәслихаттар жиналады. Олар осы адамға дауыс беріп-бермейтінін келіседі. Содан кейін ғана президент тағайындау туралы шешім қабылдайды. Бұл әділ шешім. Демократиялық жүйе. Сізге осы жиналыста болған адамдардың басым көпшілігі менің кандидатурамды қолдағанын айтайын», — деді ол.

Бұған журналист халықтың мәслихаттарға деген сенімі жоқ екенін атап өтті. Ал әкім журналистің осы сөздерімен өз депутаттарын сайлаған 100 мыңға жуық тұрғынды ренжітетінін және пікірінің қате екенін айтты.

Қорытындылай келе, Асхат Ниязов мұндай жағдайда Даниал Ахметовтен Өскемен тұрғындарынан сұхбаттасу үшін көшеге шығуын өтінді. Бұған әкім журналист қазақ тілін үйренген жағдайда ғана келісетінін айтты.