Домой Жаңалықтар Дана Есеева Президент әкімшілігінің қабылдауында болды

Дана Есеева Президент әкімшілігінің қабылдауында болды

0
163

Дана Есеева қаржы пирамидасын құрды деп қамауға алынған күйеуі Мейіржан Төребаевтың ісіне қатысты жаңа деректерді жариялады. Блогер президент әкімшілігінің қабылдауында болғанын айтты. Сөзінше, енді іс ерекше бақылауда болмақ, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Есеева президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық видео-үндеу жолдап, араша сұраған болатын. Айтуынша, сол бастамасынан кейін оны президент әкімшілігіне шақырған.

«Бірер күн бұрын президент әкімшілігінің қабылдауында болдым. Менің үндеуім естеріңізде болар, олар мені естіп, кездесу белгіледі. Іс бойынша кеткен заңбұзушылықтар туралы адвокаттар мен Мейіржанның шағымын жеткіздім. Біз тек заңды және объективті тергеуді, істі бұған қызығушылық танытпайтын адамдарға беруін сұраймыз.Мерекеден кейін жаңалық болады деп күтіп отырмын. Әрине, адвокаттар да жұмыс істеуде», — деп бөлісті Есеева.

Блогер алғашқы күндері сағы сынғанын, ал қазір күш жинап алғанын айтып өтті. Ол отбасына қолдау білдірген жандарға алғысын жеткізді.

(Фото ашық ақпарат көзінен)