Дана Есеева: «Мейіржанның тоқалы бар» (ВИДЕО)
Блогер Мейіржан Төребаевтың жары Дана Есеева «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында отбасылық өмірдің алғашқы кезеңіндегі қызық оқиғаларын әңгімелеп, олар туралы жиі айтылатын ТОП-3 қауесетті атады. Бағдарлама қонағы Зарафшанға келін болып түскенде қандай қызық оқиға болғанын әңгімелеп берді.
«Шай құйып жүргенде, кейін кеселерді жинап, ішіне ақша салып береді. Зарафшанның ақшасы — басқа, сом. Қуанып жүрмін. Бәрін жинап, бір бума ақшаны Мейіржанға көрсеттім. Ол «мына бума 200 теңге болады» деді. Сөйтсем, сомдары мүлде арзан екен. Олар бір-бір қағаздан салады. Әр 2 қағаз теңге ме, сондай екен», — деп күліп еске алды ол.
Блогер өздері туралы жиі айтылатын ТОП-3 қауесетті атап, жұрттың желіде түрлі пікір айтып, қатыгез болып кетуіне карантиннің де әсері барын жоққа шығармады.
«Бірінші өсек — Мейіржан екінші күйеуім. Екінші өсек — екі балам Мейіржандікі емес. Үшінші өсек — Мейіржанның тоқалы бар. Халық «осы рас па?» деп жиі жазады. Жұрт соған сенгісі келетін сияқты. Халық карантиннен бе, неден екенін білмеймін, қатыгез болып кетті. Жақсы істерді көрмейді, адам сүрініп қалса ғана содан үлкен проблема шығарып алады. Пікірлерді оқысаң, тек бізді емес, басқа да әртістерді бәрі қосылып жамандап отырады», — деді бағдарлама қонағы.