Дана әрі еңбекқор: Бақыт Сыздықова Сара Назарбаевадан не үйренгенін айтты

0
Қоғам және мемлекет қайтаркері Бақыт Сыздықоваға Сара Алпысқызы жайлы әдемі естелігімен бөлісті. Елдің бірінші ханымы Сара Алпысқызын туған күнімен құттықтады.

 

«Құрметті Сара Алпысқызы, сізге бақыт пен денсаулық тілеймін. Маған осындай керемет әйелмен 7 жыл бірге жұмыс істеу бақыты бұйырды. Ойымда Сара Алпысқызының бір сөзі үнемі жүреді. «Өмірде дос та, дұшпан да жоқ. Өмірде ұстаз бар» дейтін. Сара Алпысқызы құдайды, адамдарды сүюді үйретті. Қиын кездерде осы даналық мені құтқарып шықты. Осыдан үлгі алдым. Сара Алпысқызы науқастарға, мұқтаж жандарға көмекке келетін. Ел үшін көптеген қайырымды іс атқарды», – деп жазады Сыздықова желіде.

Ол Сара Алпысқызының еңбекқорлығын сөз ете келе, бірге жұмыс істеген кезін еске алды.

«Еліміз тәуелсіздік алған жылдары аянбай еңбек етті. «Бөбек» қоры ол кезде балалар құқығын қорғаумен, жетімдер үйін реформалаумен, халықтың әлеуметтік қорғаудағы бөлігі қолдаумен айналысты. Науқастардың отасының ақысын төледі. Ауруханаарды ретке келтірді. Заң жазып, мектеп бағдарламасына енгізді. Сара Алпысқызының еңбекқорлығына таңғалатынмын. Әр таңда кеңсеге келіп, күні бойы еңбек ететін. Бір әйелдің «Не үшін осынша жұмыс астақарады екен? Елдің бірінші ханымы емеспе? Үйінде гауһар алқаларына тамсанып жата бермей ме?» деген еді», – деп жазды Бақыт Сыздықова.

Айта кетейік, Сара Назарбаева 12 ақпанда 78 жасқа толды.

Источник: Stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз