Даму күнтізбесі: 1 жас 3 айлық бала не істей алуы керек — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Бір жас 3 айлық баланың дұрыс дамып келе жатқанын қалай білуге болады? Осы жастағы сәби не істей алуы керек? Осы сұрақтардың жауабы ретінде Stan.kz 1 жас 3 айға толған баланың даму күнтізбесін ұсынады.

Даму күнтізбесі: 1 жас 3 айлық бала не істей алуы керек

1 жас 3 айлық бала қандай болады

Бұл жаста бала белсенді болады және әртүрлі жағдайда қозғалып, жүгіре алады. Қасықмен тамақтануды үйреніп, сусынды шыныаяқтан ішуді біледі.

Ондай балалар өздігінен жүре алады, бірақ олардың құлап қалуы да мүмкін екенін ұмытпаңыз. Сондай-ақ, бұл жастағы балалар аяғымен нық тұрып, отырып, еңкейіп, бұрылады, арасында еңбектеп тұрады.

—    Осы жастағы сәбилер балалар сырғанайтын төбешіктің шағын сатысына шыға алады.

—    Үлкендердің өтініші немесе өз қалауы бойынша қолын алға, жоғарыға, екі жағына қарай көтеріп, артына тыға алады. 

—    Саусақтарын қозғалтып, қолын икемдейді.

1 жас 3 айлық баланың танымдық дамуы

Оларға шар, төртбұрыш тәрізді әртүрлі өлшемдерді көрсетсе әрқайсысы таба алады. Өзіне таныс үлкен ойыншықтарды кішкентай  заттардың арасынан ажырата біледі. Бір түсті затқа сол түстегі ойыншықты таңдай алады. Төртбұрыштарды бір-біріне қойып, мұнара, үй қалағандай құрастырып ойнайды. Сондай-ақ, қарындаш,  фломастер ұстап, қағазға сыза алады.

Ойын әрекеттері

1 жас 3 айға толған балалар бұған дейін үйренген заттармен өздігінен ойнай алады. Мысалы, ойын кезінде қуыршақты тамақтандыруы мүмкін.

—    Біреуге қарап немесе өз қалауы бойынша бір ойыншықпен өзіне таныс әрекеттерді жасайды.

—    Машинканы немесе ойыншық колясканы жүргізіп, қуыршақ, қонжықты тамақтандыруы мүмкін.

—    Үйде қолданып жүрген заттармен ойнайды. Әкесі сияқты кітап оқығандай немесе өзінен үлкен балалар секілді сабақ оқығандай әрекеттер жасап, еліктейді.

1 жас 3 айға толған баланың эмоционалды және әлеуметтік дамуы

—    Күні бойы эмоционалды түрде байсалды болады;

—    Ересектерге, әсіресе бейтаныс адамдарға немесе қиын жағдайларда адамның бетіне қарап тұрып қалады;

—    Жағдайға қарамастан мимикаға, жақын адамдардың қозғалысына еліктейді. Күлімдеуі, қабағын түсіруі мүмкін;

—    Ойыншықтармен ойнаған кезде эмоционалды болады. Мимика жасап, дауыстап даусын келтіреді;

—    Өзі секілді балалардың әрекетін қайталайды, жыласа жылап, күлсе күлуі мүмкін;

—    Басқа баланы эмоционалды түрде қабылдайды;

—    Таныс немесе бейтаныс ересек адамдарға эмоционалды түрде әр түрлі қарайды;

—    Бір эмоциялық жағдайдан екіншісіне тез ауысады. Қуанып отырып, аяқ асты мазасыздануы мүмкін;

—    Көңілін оңай аударады;

—    Эмоционалдық сезімдері арқылы айналасын таниды. Мысалы, биіктіктен құлап кетуі мүмкін екенін немесе ыстыққа жақындаса күйіп қалатынын біледі.

—    Не айтқысы келетінін мимика, қимыл-қозғалысы, интонация арқылы толықтырып, жеткізеді;

—    Көзқарасы әр түрлі мәнерлі реңкте болады: қуанғанын, қызыққанын, сұрап, өтініп тұрғанын қарасы арқылы білдіреді;

—    Күлімсіреп, көзге қарау немесе шыңғырып, қыңырлану арқылы ата-анасының назарын өзіне аударады;

—    Жақын адамдармен эмоционалды түрде емін-еркін болса, бөтен адамдармен керісінше күйде болады;

—    Эмоционалды түрде анасына қатты жақын;

—    Анасы кетіп бара жатса жылайды; бейтаныс ересек адаммен бірге қалса шамалы көңілі түседі;

—    Жаңа нәрселер мен күтпеген жағдайларға таңғалуы немесе қорқуы мүмкін;

—    Ыңғайсыз болып, қысылып қалса және қалаған нәрсесі болмай қалғанда түрі өзгеріп кетеді;

—    Басқа балалардың ойынына қызығушылық танытады;

—    Жаңа ойыншықпен ойнап қызығады;

—    Бір нәрсені істей алмаса немесе білмей қалса эмоционалды түрде ызаланады;

—    Өзі немесе ересектермен бірге жасаған кейбір ойынды ойнай алса қуанады;

—    Ересектермен бірге қызықты ойын ойнаса, қатты қуанады;

—    Билейтін әуендер мен тыныш әндерді эмоционалды түрде әртүрлі қабылдайды. 

Баланың сөйлеу дағдысының дамуы

Сөзді түсінуі:

1.    Бұл жаста балалар көптеген таныс ойыншықтардың атауын, айналасындағы заттарды, жақын ересек адамдардың есімдерін, киімнің атауын, іс-әрекеттердің белгілерін, кейбір тұрмыстық жағдайларды біледі.

2.    Ересектердің сұрауы бойынша адамның және қандай да бір ойыншықтың бет-әлпетін көрсетеді.

3.    Үлкендер өзіне таныс әрекеттерді орындауын өтінсе орындай алады. Мысалы, әкел, бер, ойнау деген сөздер.

4.    Кітаптағы суреттерге қызыға қарайды және кейіпкерлерді таниды.

5.    Өлең, түрлі әуендерді тыңдайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz