Дамир Ысмағұловтың не себепті ауруханаға түскені белгілі болды

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Этникалық қазақ испаниялық қарсыласын төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді

АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. UFC Fight Night 145 турнирінде жұмыс істеген бразилиялық Globo және SporTV телеарналарының журналисі Хелена Ребелло этникалық қазақ Дамир Ысмағұловтың жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

UFC Fight Night 145 турнирі Чехияның Прага қаласында өткен болатын. Этникалық қазақ Дамир Ысмағұловтың бұл жолғы қарсыласы испаниялық Хоэль Альварес болды.

Қазақ жігіті Альваресті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді, алайда жекпе-жектен кейін Дамирді ауруханаға алып кетті.

«Ысмағұлов журналистерге сұқбат берген жоқ. Оны бірден ауруханаға алып кетті. Қолын сындырды деген сыбыс бар. UFC спортшылар туралы медициналық ақпаратты растамайтынын мәлімдеп отыр», — деп жазды Ребелло Твиттердегі парақшасында.



sputniknews.kz