Дамир Ысмағұлов UFC ұйымындағы келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты — Спорт

0

Ресей тумасы, этникалық қазақ Дамир Ысмағұлов UFC ұйымындағы келесі жекпе-жегі туралы айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

«Бүгін мен UFC ұйымында 23 ақпанда Чехия астанасы Прагада өтетін екінші жекпе-жегімді өткізу туралы келісімге қол қойдым. Жекпе-жекті ұйымдастыруға атсалысып жүрген менеджеріме үлкен алғыс білдіремін. Қарсыластың есімі таяу уақытта белгілі болады. Дайындалуыма көмектесіп жатқан барлық адамдарға, әрине, өз командама алғыс білдіремін», — деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында. 

Оның бірінші жекпе-жегі Аустралияда өтті. Allfight.ru басылымының мәліметінше, Ысмақұлов осы кездесу үшін 23 500 доллар алған: 10 000 доллар өнер көрсеткені үшін, 10 000 — жеңіс үшін, 3 500 — Reebok демеушілігінен. Ал оның қарсыласы Горджес 13 500 доллар алған.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz