Дамир Рыспаев «Сарыарқа» ойыншысымен төбелесті
Қысқа сілтеме алу
«Номад» және «Сарыарқа» хоккей клубтары арасында өткен жолдастық кездесуде жанжал болды
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде — Sputnik. Елордалық «Номад» клубының қорғаушысы Дамир Рыспаев «Сарыарқа» командасының шабуылшысы Владислав Никулинмен төбелесіп қалды.
Рыспаев Никулинді бір ұрып, мұзға жықты, деп хабарлайды Sports.kz. Хоккейшілердің төбелесі видеоға түсіп қалған.
Кездесуде «Номад» командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Елордалық клубтан Дмитрий Преснов пен Ефим Мишкин шайбаны қақпаға дөп түсірсе, қарағандылық «Сарыарқадан» – Кирилл Галоха.
Тағы оқыңыз: Ресейдегі хоккей матчына келген Жозе Моуриньо ел алдында ұятқа қалды — видео
Соған қарамастан, матчтан кейін командалар буллиттер (айып соққысы – Sputnik) сериясын өткізіп, мұнда «Сарыарқа» командасының мерейі үстем болды.
Хоккейші Дамир Рыспаев қазақстандық тафгай ретінде белгілі, әсіресе, «Барыс» құрамында айшықты төбелестерімен көзге түскен.
sputniknews.kz