Дамир Исмағұловтың қарсыласы анықталды

0

Алайда жарақат алуына байланысты Джозеф Даффи айқас алаңына шығудан бас тартты. Содан UFC басшылығы 1 желтоқсанда Австралияның Аделайда қаласында өтетін жарысқа тыңғылықты даярланған қандасымызға өзге қарсылас іздеуге дереу кірісті. Міне, енді бүгін жеңіл салмақтағы Дамир Исмағұловтың кіммен күш сынасатыны белгілі болды. Қазақтың ұлы осы күнге дейін жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен 23 жастағы жергілікті спортшы Алекс Горджеспен айқасады.

Ал 27 жастағы Дамир осы күнге дейін 18 мәрте айқас алаңына шығып, 16 рет жеңіс тойын тойлады. Ол М-1 нұсқасы бойынша талай дүбірлі додада өзінің мықтылығын мойындатып, чемпиондық атақты иеленді. Осы ұйымдағы белді белестердің барлығын бағындырғаннан кейін ол UFC-де бақ сынауға бел буды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»