«Дамбалына қолын салып жіберген» Ақтөбеде 74 жастағы қария ұсталды

0
1108

Бес жасар қызға азғындық жасады деген күдікпен 1945 жылы туған қала тұрғыны полиция бөлімшесіне жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Ақтөбеде 74 жастағы қария кішкентай қызға ерсі қылық көрсетті деген күдікке ілінді.

Қала шетіндегі Нұр-Ақтөбе ықшамауданының тұрғыны ойнап жүрген бес жасар қызды тәттімен алдап, үй қуысында аймалап отырған жерінен көршілері ұстап алған, деп хабарлады КТК.

«Мынау зорлайын деп жатыр. Дамбалына қолын салып жіберген. Чупа-чупс алып берген».

Қарттың азғын әрекетін көшеде кетіп бара жатқан көршісі мен балконда тұрған келіншек байқап қалады.

«Танысым балконнан көріпті. Ол сыртқа шыққан. Екеуінің ер адамға әлі келмейді ғой. Жан-жағыма қарадым да, таныс лифтерді шақырдым дейді. Сосын үшеуі ұстап, сол жердегі бір жігіт полиция шақырған», – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Ақтоты Боташова.

Тағы оқыңыз: Шымкент сотында 9 жасар қызды зорлаған педофилге үкім шықты

Оқиға куәгерлері күдіктінің ішіп алғанын айтады. Қазір күдіктіні тергеуді бастаған.

«1945 жылы туған қала тұрғыны полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қылмыстық кодекстің 124-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», – деп атап өтті Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір бүлдіршіннің жағдайы қалай екені белсіз. Ол туралы құзырлы органдар тіс жармай отыр. Ал ата-анасының да ешкіммен сөйлескісі жоқ.



sputniknews.kz