Дәленов «Жынымды келтірмеңізші» деген Жұманғарин туралы айтты

0

Министрдің сөзінше, Жұманғарин кешірім сұрап, «переживать» етіп жүр.

ҚР Ұлттық экономикасының жаңа министрі Руслан Дәленов вице-министр Серік Жұманғариннің өткендегі «Жынымды келтірмеңізші» деген сөздеріне байланысты пікір білдіріп, ол кісінің өз ағаттығын мойындап, қазір уайымдап жүргенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Ол кешірім сұрады. Ол әрине, уайымдауда», – деді ол.

Оның сөзінше, кез-келген мемлекеттік қызметкерлердің «жөнсіз» сөйлеуіне жол берілмеуі керек.

«Журналистер, БАҚ өкілдері сұрақтарды бекерден қоймайды, олардың қоятын сұрақтары біздің халқымыздың көкейіндегі сұрақтар екенін түсінеміз. Біз үлкен құрметпен қараймыз», – деді ол.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!



Zakon.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз