Дайын болыңыз, үйіңізге полицей келеді!

0
9466

Қазақстанда 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Полиция қызметкерлері аулалар мен пәтерлерді аралайды, – деп хабарлайды  Kznews.kz  Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша проблемалық мәселелерді зерделеу, учаскелерде құқықбұзушылықтың алдын алу және ескерту үшін әкімшілік учаске тұрғындарын барынша қамтуға бағытталған «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр», – деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, операция кезінде учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік учаскелерде халықпен танысу, сондай-ақ түрлі құқықбұзушылық жасаған адамдарды анықтау және ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексеру үшін аулаларды және пәтерлерді аралап шығады.

«Сондай-ақ, жалдамалы пәтерлер, базарлар және басқа да сауда орындары, тұрмысы нашар отбасылар, қоғамға жат іс-әрекеттер жолын кесу үшін жастар мен кәмелетке толмағандардың шоғырлану орындары, сондай-ақ қару иелері мен шетелдіктер тексеріледі.

Сонымен қатар, полиция саяжай массивтерін, құрылыс нысандарын, оның ішінде тоқтатылған және қараусыз қалған, шатырлы және жертөле үй-жайларын тексереді», – деп қосты ол.

Ауылдық жерлерде негізгі күш-жігер қыстауларды тексеруге және белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтауға, шетелдік азаматтарды заңсыз пайдалану дерегіне, тіркелмеген қарулар мен басқа да тыйым салынған заттарды сақтауға бағытталған.

«Учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылық өкілдерімен проблемалық мәселелерді зерделеу және шешу үшін халықпен кездесулер өткізеді», – деп қорытындылады ІІМ өкілі