Daily Star: Соғыс үш күннен соң, 24-желтоқсанда басталады
Батыс ақпарат құралдары Ресейдің Украинаға басып кіруі жайлы жаңа мағлұматтар таратуда. Ұлыбританияның әйгілі Daily Star басылымы Ресейдің шабуыл жасайтын күнін атады. Басылымның хабарлауынша Ресей 24-желтоқсанда соғыс ашпақ.
Басылымның хабарлауынша, жүз мыңнан астам Ресей әскері Рождество қарсаңында, 24 желтоқсанда басып кіруді жоспарлап отыр. Материалда британдық барлау офицерлерінің Кремльдің бұл жоспарларын аша алғаны атап өтілген. Ресей Кеңес әскерінің Ауғанстанға басып кіруінің 42 жылдығымен тұспа-тұс уақытта агрессияға көшеді дейді мамандар.
Daily Star басылымының хабарлауынша Ресей әскерлерден, танктерден, шабуылдаушы тікұшақтардан, артиллериялық және зениттік полктерден тұратын күшті іске қоспақ.
Басылым ел билігі қауіптің барын қазірдің өзінде сезінгенін жазады. Алайда Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі журналистерге мұндай сценарий орын алған жағдайда Лондонның ықтимал реакциясы туралы айтудан бас тартты.