Дағыстанның бұрынғы вице-премьері Мұхтар Меджидов 5 жылға сотталып, 900 мың рубль айыппұл төлейді

Мұхтар Меджидов 2020 жылы наурызда аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап үй қамағында болды. Бүгін сот бұрынғы жоғары лауазымды шенеунікті 5 жылға соттап, үлкен айыппұлға төлеуге үкім шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, оның ұлы — Мұртұзәлі Меджидов 2022 жылдың маусым айында МГИМО студенті, қазақстандық Томирис Байсафаны өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Бұрынғы шенеуніктің ұлы 13 жылға сотталды.
http://t.me/orda_kz
Фото: md-gazeta.ru