Үлкен Алматы көлінде сырғанаған қыз кезекті өнерімен көзге түсті (видео) — новости Казахстана
Желіде Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанаған видеосын жүктеп, көпшіліктің талқысына түскен Ксения Панкратова енді Қайыңды көлінде де конькимен өнер көрсетті. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.
Алматылық Ксения Панкратова жаңа видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
Кадрдан қыздың мұз үстінде сырғанағанын байқауға болады.
«Қайыңды көлінің ғажайып сұлулығы. Суық. Аяқ астында тырсылдап жарылған мұз. Бұл — шынайы табиғат үні», — деді қыз жазбасында.
Желі оқырмандарының басым бөлігі Панкратоваға жақсы пікір қалдырған.
Еске сала кетсек, алматылық мәнерлеп сырғанаушы Үлкен Алматы көлінде конькимен сырғанап видео түсірген болатын.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар