Құттықтау — тілек: Туған күн (1,2,3 жасқа толған кішкентай қыз балаға және ұл балаға)

0

Құттықтау - тілек: Туған күн (1,2,3 жасқа толған кішкентай қыз балаға және ұл балаға) казакша Құттықтау - тілек: Туған күн (1,2,3 жасқа толған кішкентай қыз балаға және ұл балаға) на казахском языке

Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман – есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деп атқа лайық болсын.

«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.


Құтты болсын туған күн,
Кіндігіңді кесіп ап,
Жібек жіппен буған күн.
Шілдехана суымен
Алғаш рет жуған күн.
Орап алып жөргекке,
Ақ сүтін асыл ананың,
Емірене емген күн.
Әкең келіп төбеңнен
Тебірене төнген күн.
Қуанғаннан ел-жұртың
Көрімдігін берген күн.
«Кімге тартты екен?» деп
Бетіңді ашып берген күн.
Туған күнің жыл сайын
Жүз жыл бойы тойлансын.
Өсіп үрім-бұтағың,
Арманыңа жете бер,
Өмір шексіз көк теңіз,
Тоқтамастан кеше бер.


Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көз қуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз.

Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.


«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген. Қызымыздың білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата — әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін.


Қасқырдың қайратын,
арыстанның айбатын,
жылқының сақтығын,
бүркіттің қырағылығын тілеймін.


Тау суындай таусылмас қайрат,
Сыр суындай сарқылмас жігер,
Гүлдей жайқалған ғұмыр,
Гүлдей тербелген өмір тілеймін.


Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көз қуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз.

Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.


Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол!


Бақыт сарайының бас құрылысшысы бол деген тілекпен
құттықтау қарлығашын жолдаймын.
Ал егер ұл болса:
Туғанда қуантқан ұлым мынау,
Бір мүшелді өткізген құлыным-ау,
Әкеңде арман бар ма, көрсе егер
Келешекте көрсетер қызығыңды-ау!
Сабағыңды жақсы оқып, оқуға түс,
Келешекте бір маманның иесі бол.
Еңбекті сүй, күшіңді бағалай біл,
Дүниеден алатын сыбағаң мол.


Тілерім енді менің жалғызыма,
Сәлем бермей өсірген хан қызына.
Немеремді иіскеп кетсем, шіркін,
Арманым жоқ дүние базарында.


Әке-шешесінің бал-шекердей тәтті қызының дені сау, жасы ұзақ болсын. Ата-анасының, нағашы ата-әжесінің қуаныш-қызығы болып жүре берсін.
Жасқа толған құлыншағым,
Қандай тәтті шырын шағың.
Ата-анаңның құшағында,
Ұзақ болсын ғұмыр бағың.
Денсаулығың мықты боп,
Гүлдей жайнап жүре бер.
Болашақта бақытты бол,
Мұратыңа жете бер.


Өмірдің жазынан, күзінен,
Әр батқан кеш сайын, таң сайын,
Шұғыла нұр шашар жүзінен,
Болшы сен ел сыйлар ханшайым.
Бұйырған маңдайдың бағына,
Бір сенде — құт пенен дәулет те.
Ақ сәуле төгетін жаныма,
Жұлдыз боп тудың сен әулетке.