тарих, 1920-1930 жылдар, Қазақстан мәдениетінің даму тарихы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ХХ ғасырдың 20 — 30 жылдардағы Қазақстан мәдениетінің жай — күйі туралы жан — жақты мағлұматтар беру.
Дамытушылық: Тарихи оқиғалар мен үдерістердің дамуын тарихи — әдеби деректер арқылы баяндатып оқушыларда өткенге ғылыми көзқарас қалыптастыру, салыстыра алу, талдай білу, пікірін білдіру қабілеттерін дамыту. Тарихи таным — түсініктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, патриоттыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ типі: Сын тұрғысынан дамыта оқыту
Пән аралық байланыс: Адам және қоғам, әдебиет.
Өмірмен байланыс: ҚР — ның Президентінің 2050 бағдарламасы мен 2013 және 2014 — жылғы Жолдаулары.
Аймақтық компонент: Өз өлкеміздегі мәдениеттің дамуына тоқталу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, фотосуреттер,
Әдіс — тәсілдер: Топпен жұмыс, суреттер сөйлейді, сәйкестендіру, сөйлемді толықтыру, сұрақ — жауап,
І. Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, сыныпты топқа бөлу.
«Қызығушылықты ояту»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «суреттер сөйлейді», слайд арқылы еңбекпен түзеу лагерлерінің суреттері көрсетіледі. Суретке қарап олардың құрылған жылын, орналасқан аумағын, мақсатын түсіндіреді.
Сұрақ: Сталиндік репрессия құрбандары кімдер. (суреттері слайд арқылы көрсетіледі.)
1 – топ: Жас қыран
2 – топ: Білімділер
3 – топ: Болашақ
ІІІ. Жаңа сабақ: 1920 – 1930 — жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Жоспар:
1. Ересек адамдардың сауатсыздығын жою.
2. Жоғарғы оқу орындары, мамандар даярлау.
3. Ғылыми – зерттеу мекемелері, ғылымның дамуы.
4. Қазақ кеңестік өнерінің дамуы.
Қазақстан халқы арасындағы сауатсыздықты жою
Кесте арқылы түсіндіру: Жоғары оқу орындары, мамандар даярлау
1 – топ: Кестені аяқта.
2 — топ: Қалып қойған сөзді жаз.
3 – топ: Сөйлемді толықтыр.
ІV. Жаңа сабақты бекіту: Сөзжұмбақ шешу. Мәдени құрылыс.
V. Қортындылау: 1920 — 1930 жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттің дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 1920 жылдың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды.
Үйге тапсырма беру: 1920 – 1930 — жылдардағы Қазақстан мәдениеті. Қосымша деректерді оқу, даталарды жаттау, дәптерге “Т” кестесін орындау.
Т – кестесі
Мемлекет мәдениеттің дамуына қандай көмек көрсетеді, қандай талап қояды?
Мемлекет
Қолдау көрсетеді
Талап етеді
9. Бағалау