«Бұл ғажайып»: Ақтөбеде екі ай комада жатып есін жиған 3 жасар қыздың анасы көз жасын тыя алмады — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Ақтөбеде екі ай бойы комада жатқан 3 жасар қыз есін жиды. Дәрігерлердің сөзінше, бағаналық энцефалит – сирек кездесетін әрі ауыр диагноз. Көп жағдайда пациент өліп кетеді екен. Алайда кішкентай Аяулым ауруды жеңді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

"Бұл ғажайып": Ақтөбеде екі ай комада жатып есін жиған 3 жасар қыздың анасы көз жасын тыя алмады

Анар Есенгелдиева 3 жасар қызының қасынан шықпайды. Ол соңғы екі ай бойы күйзелісте жүрген. Себебі бауыр еті баласы өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатқан еді. Инфекция салдарынан оның бас миы зақымдалып, салдарынан комаға түскен. Ол комада 2 ай жатты.

«Қызымның комадан шыққанын айтқанда жүрегім кеудемнен шығып кете жаздады. Бұл ғажайып. Қазір ол бәрін таниды. Сөйлегісі келеді», — дейді Аяулымның анасы көз жасын тыя алмай. 

Дәрігерлер Аяулыммен болған жағдай мыңның бірінде ғана кездесетінін мойындайды. Әдетте мұндай диагноз анықталған пациенттер өліп кетеді екен. Сондай-ақ, олар қыз есін жияды деп үміттенбегендерін жасырмады. Алайда екі ай бойы оның өмірі үшін күресіпті. 

«Оның бойындағы әр оң өзгеріске ата-анасымен қоса аурухананың бүкіл қызметкерлері қуанды. Қыз өзі тыныс ала бастап, көзін ашып, қол-аяғын қозғалта бастады», — дейді Ақтөбедегі балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағамбетов.

Алдағы уақытта Аяулымды ұзаққа созылатын оңалту шаралар күтеді. Дәрігерлер емді тоқтатуға әлі ерте, дейді. 

Бүгінде Аяулым қарқынды ем-дом алып жатыр. Әзірге оның ауруханада қанша уақыт жататыны белгісіз. Десе де бүлдіршіннің есін жиғаны ата-анасы мен дәрігерлерге үлкен үміт сыйлады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.