COVID-19: вирус 662 адамда анықталды

Індеттен елімізде 46 адам жазылып шығып, алты адам көз жұмды. Вирус анықталғандардың басым бөлігі астанада тұрады
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 662-ге жетті.
Түнде Түркістан облысында — 1, Жамбыл облысында — 5, Қызылорда облысында 5 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды.
46 адам жазылып шықты. Вирус анықталғандардың басым бөлігі астанада тұрады.
sputniknews.kz