Covid-19 қарсы вакцинаны салуға болмайтын адамдар тізімі

0

«Вакцинация екі кезеңмен жасалады. Басында 0,5 миллилитрлік дозамен бірінші компонентті салады. Одан кейін 21 сағат өткен соң, екіншісін егеді. Оның көлемі де 0,5 миллилитр. Вакцина иыққа салынады», — деді Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, адам соңғы алты айдың ішінде коронавируспен ауырып шықса, вакцина салудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек, жүкті әйелдерге, ауыр аллергиясы мен вакцинаның құрамындағы заттарға жоғары сезімталдылығы бар адамдарға, 18 жасқа толмағандарға және 65 жастан асқандарға салынбайды.

Бұдан бөлек, бірқатар ауруға шалдыққан адамдарға абай болу керек. Олар:

  • бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары;
  • эндокриндік жүйенің бұзылуы (қант диабеті);
  • қан түзілімі жүйесінің ауыр аурулары;
  • эпилепсия, инсульт және басқа да орталық жүйке жүйесінің аурулары;
  • жүрек-қан тамыр аурулары;
  • иммун тапшылығы;
  • аутоиммунды аурулар;
  • өкпе аурулары, демікпе және өкпенің обструктивті аурулары;
  • метаболиттік синдром мен диабет, аллергиялық реакциялар, атопия мен экзема;
  • қатерлі аурулар, соның ішінде қан аурулары.

«Екпе салардың алдында адам өз еркімен вакцина алуға қатысты келісімге қол қояды, я болмаса, одан жазбаша түрде бас тартады. Дәрігер вакцинаға келіскен адамды жан-жақты тексереді. Егер дене қызуы 37 градустан жоғары болса, вакцинация кейінге шегеріледі», — деп атап көрсетті  Шоранов.

sputnik.kz