COVID-19 індетін жұқтырғандардың саны артып жатыр
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 18 адам тіркелді, оның сегізі Нұр-Сұлтан қаласында, сегізі Алматы облысында
НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жедел штабқа сілтеме жасап.
«Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 18 адам тіркелді, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 8, Алматы облысында – 8, Батыс Қазақстан облысында – 2 науқас», — делінген ресми хабарламада.
Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай мерзімі мамыр айында созыла ма?
Осылайша, астанада инфекция жұқтырғандың саны 341 адамға жетті. Жалпы, Қазақстанда 1498 науқас тіркелген:
- Алматы қаласында – 461 адам,
- Қарағанды облысында — 87 адам,
- Ақмола облысында — 81 адам,
- Атырау облысында — 72 адам,
- Жамбыл облысында — 53 адам,
- Шымкент қаласында — 46 адам,
- Шығыс Қазақстан облысында — 8 адам,
- Алматы облысында — 37 адам,
- Ақтөбе облысында — 18 адам,
- Солтүстік Қазақстан облысында — 29 адам,
- Павлодар облысында — 15 адам,
- Маңғыстау облысында — 12 адам,
- Қызылорда облысында — 143 адам,
- Батыс Қазақстан облысында — 32 адам,
- Түркістан облысында — 56 адам,
- Қостанай облысында — 7 адам.
sputniknews.kz