COVID-19-ға тұрақты және ұзақ мерзімді иммунитетке үммітенудің қажеті жоқ — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавируспен ауыратын адамдар COVID-19-ға тұрақты, ұзаққа созылатын иммунитеттің қалыптасуына үміттенбей-ақ қойсын. Мұндай пікірді «Российская газетаға» берген сұхбатында Роспотребнадзордың орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Александр Горелов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«Бұл қызылша емес, паротит емес, қызамық емес, бір рет ауырып, өмір бойына иммунитет қалады деп ойламасын. Өкінішке орай, тыныс алу жолдарының инфекциясы, оның ішінде тұмау, бұл классикалық үлгі, вакцинациядан кейін де иммунитет алты айға ғана жетеді. Жаңа коронавирус — бұл тыныс жолдарының инфекциясы. Біз иммунологиялық жад қанша уақытқа созылатындығын анықтауымыз керек», — деді ол.

Сарапшының пікірінше, маусымдық коронавирустар үнемі болады, ол жыл сайын халықтың 10-20 пайызында ЖРВИ мен диареяны тудырады. Яғни, адамдарда коронавирус инфекциясынан кейін ұзақ мерзімді тұрақты иммунитет пайда болмайды.

«Бұрын тағы бір коронавируспен ауырып, қазіргі жаңа COVID-19-дан қорғанғанымыз әлі дәлелденген жоқ. Тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын жасау қажеттілігі бекер емес», — деді Горелов.

Антиденелердің болуы адамның келесі екі айда инфекциядан қорғалатынын көрсетеді. Бірақ алыс перспективалар үшін жаңа зерттеулердің нәтижелерін күту керек.

«Иммундық паспорттарды» енгізу идеясына түсінік бере отырып, оны мағынасыз деп атады.

«Сізде IgG-нің көптеген антиденелері болуы мүмкін (адамның ауруға шалдыққанын білдіретін кеш антиденелер), бірақ олар вирусты бейтараптандыруға қабілетсіз болады және олардың болуы қайта жұқтыруға кепілдік бермейді», — деп түсіндірді маман.

 

stan.kz