COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны бірінші болып жануарларда сынайды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина сынағын бастады. Клиникаға дейінгі тәжірибе әзірге зертханалық жануарларға жүргізіледі.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

 вакцина

Жамбыл облысы ҒЗИ қызметкерлерінің әзірлемесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелді.

Болашақ вакцина Алматыдағы жұқтырғандардан алынған вирус штаммының негізінде жасалды. Ішкі сынақтардан кейін прототип Ресейдің мамандандырылған орталығына жіберіледі, онда қазақстандық ғалымдардың жұмысына объективті баға береді. Осыдан кейін ғана препарат адамдарда сыналады. Мұның бәрі тек ерікті түрде болады. Әр қатысушыға ақшалай төлемдерге кепілдік береді. Жамбыл облысы ҒЗИ-да туберкулезге және тұмаудың төрт түріне қарсы вакциналар жасалды. Коронавирустың препараты бесінші жұмыс болады. Табысты болған жағдайда біздің еліміз шетелдік өндірушілердің вакцинасын сатып алудан бас тарта алады. Дегенмен, бұл қанша уақытқа созылатынын екенін ешкім алдын ала айта алмайды.

«Алдағы уақытта зертханалық жануарларға: ақ тышқан, теңіз шошқаларына және ең маңыздысы маймылдардың үш түріне толық масштабты клиникаға дейінгі сынақтар өткізу жоспарланып отыр. Бір түрін таңдау қажет. Зерттеу Ресей Федерациясының екі жетекші орталығында жүргізіледі. Клиникаға дейінгі сынақтардан кейін еріктілерге клиникалық зерттеулер жүргізу және осыдан кейін елімізде вакцина шығаруға рұқсат алу жоспарланған», — деді ҚР БҒМ ҒК биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ҒЗИ профессоры Берік Хайруллин. 

 

stan.kz