COVID-19-ға байланысты 15 мың тұтқын босатылды

Филиппинде коронавирус пандемиясына байланысты 17 наурыз бен 22 маусым аралығында 15 мыңнан астам тұтқын босатылды.
Нақтырақ айтқанда 15 322 тұтқын босатылған. Олардың көпшілігі – қарт адамдар мен ұсақ құқықбұзушылық жасағандар.
Филиппиндегі түрмелер лық толы, ол тұтқындардың әлеуметтік қашықтық пен гигиена ережелерін сақтауына мүмкіндік бермейді.
2 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияны сотталғандар арасында 783 адам, ал қызметкерлер арасында 135 адам жұқтырған.
24.kz