COVID-19-дың ауыр түрінде өкпе ғана емес жүрек, бүйрек, жүйке жүйелері зақымданады – дәрігер

0

Алматыдағы №36 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігер бөлімшесінің меңгерушісі Асқар Жұманазаров ҚазАқпарат тілшісіне медициналық оңалтудың емхана деңгейіндегі үшінші кезеңі және пневмония, оның ішінде COVID-19 пневмониясының қауіптілігі туралы айтып берді.

– COVID-19 қанның ұюын арттырады деген ақпарат бар, бұл қаншалықты рас?

– Коронавирус ол — ауа тамшылы және жанасу-тұрмыстық тарату механизмі бар SARS CoV-2 коронавирусының жаңа штамынан туындаған жедел инфекциялық вирусты ауру. Бұл ауру ағзаға енгеннен кейін, жергілікті және жүйелік иммундық-қабынуды туындатады. Иә, қан ұйығыштықты арттырады, қан тамырлар қабырғасын өзгертіп шақырып, ауа жеткіліксіздігі байқалады. Бұл кіші және үлкен тромбоздың дамуына әкеледі.Сонымен қатар, өкпенің, жүректің, бүйректің, асқазан-ішек жолдарының, орталық және шеткі жүйке жүйелерінің асқыну қаупімен белгісі жоқ клиникалық түрден өте ауыр түрге дейін асқыну шақыратын аса қауіпті вирусты инфекция.

– Коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп жатқан дәрігерлердің біліктілігін қалай бағалайсыз?

– Алғаш анықталған күннен қазірге дейін бұл дерттен мыңдаған адам қайтыс болды. Осы кезеңде дәрігерлер біліктілігін арттырып тәжірибе жинап алдын алу мен емдеу шараларын, ауырғаннан кейігі қайта қалпына келтіру әдістерін үйренді.

– Өзіңіз еңбек жұмыс істеп жатқан №36 қалалық емхананың ықтимал екінші толқынға дайындығы қалай?

— Қазіргі таңда COVID-19 Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің емдеу диагностикалық хаттамасымен жүзеге асады. Соңғы өзгеріске сәйкес 15 шілдедегі 10-шы редакциясы бойынша ем жүргізіледі. Осыған орай №36 өалалық емхана деңгейінде кезекті екінші коронавирус індетінің толқынына дайындық жүргізілді. Біліктілік арттырылып алдын алу мен айқындау шаралары ретінде мобильді топтар құрылды, реабилитолог мамандар арнайы оңалту кезеңдерімен танысты. Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі болып саналғандықтан біз халқымызды дені сау етуіміз керек.

– Коронавируспен ауырған адамдардың бәрі оңалтудан өтуге міндетті ме?

– Жалпы кез келген аурудан кейінгі оңалту шаралары оңалту көрсеткішімен бағаланады. Респираторлық ауруы бар науқастар, оның ішінде COVID-19 пневмониясымен ауырған, сондай-ақ өкпе инкубациясынан кейін, өкпе функциясы төмендеген және ұзақ уақыт ауруханада ем алған ересек адамдар медициналық оңалтудың 3-кезеңіне жіберіледі. Мұндай науқастар оңалтуды қажет етеді және 3 кезеңнің критерийлеріне сәйкес келеді. Олар қашықтан қалпына келтіруді қауіпсіз түрде алады.

Оңалтудағы негізгі мақсатымыз – өкпенің желдетілуін, газ алмасуын және бронхтың клиренсін жақсарту, ұзақ ауырғандарда мазасыздық пен күйзеліс белгісін жеңілдету, аурудан кейінгі асқыну қаупін азайту, жалпы физикалық төзімділікті арттыру, бұлшықеттердегі әлсіздікті түзету, өмір сүру сапасын жақсарту, қоғамға қайта араласу, мүгедектікті төмендету және оның алдын алу.

– Оңалту шараларында неге баса назар аударылады?

– Ең алдымен науқастың жеке ерекшеліктері мен қатар жүретін аурулары ескеріледі. Жекелік принципін сақтаймыз. Атап айтар болсам, егде жастағы адамдар, семіздікке шалдыққандар, жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар науқастар. Біздің негізгі міндетіміз науқасқа барынша зиян тигізбей денсаулығын бұрынғы қалпына келтіру.

Оңалтуға қарсы көрсеткіштері бар аурулар мыналар:

– әр түрлі шығу тегі жиі немесе ауыр қан кету;

– жиі ұстамалы эпилепсия, әр түрлі этиологиялы жиі ұстамалар;

– жедел жұқпалы аурулар;

– туберкулездің барлық түрінің белсенді кезеңі;

– қатерлі ісіктер (III-IV кезеңдер);

– III дәрежелі немесе одан жоғары тыныс жетіспеушілігі;

– фебрильді немесе төмен дәрежелі, шығу тегі белгісіз қызба;

– күрделі ілеспе аурулардың болуы;

– декомпенсация сатысындағы аурулар, атап айтқанда, метаболизмнің түзетілмейтін аурулары (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалары), ІІІ дәрежелі бауыр мен ұйқы безінің жеткіліксіздігі;

– терінің іріңді аурулары, терінің жұқпалы аурулары (қышыма, саңырауқұлақ аурулары және басқалары);

– тұлғаның деоциализациясы бар, эмоциялар мен мінез-құлқының бұзылуымен психологиялық аурулар;

– Нью-Йорк кардиологтар қауымдастығының классификациясы бойынша IV функционалды класы бойынша жүрек ырғағының күрделі бұзылыстары, жүрек жеткіліксіздігі (NYHA: NewYork Heart Association);

– әр түрлі іріңді интоксикациясы басым (өкпе) аурулар,;

– жедел остеомиелит;

– өткір терең тамыр тромбозы;

– тәулігіне 2-3 сағат ішінде медициналық оңалту бағдарламасына белсенді қатысуға мүмкіндік бермейтін басқа ілеспе аурулар болған кезде.

– Сонда оңалту шараларының арнайы критерийлері бар ма?

– Әлбетте. Бағалау және бақылау оңалтудың басынан аяғына дейін жүргізіледі. Реабилитация шаралары көпсалалы мамандардың тобымен талқыланып жас ерекшелігімен қатар жүретін жағдайларды ескере отырып оңалту жоспары құрылады ол кезде клиникалық бағалау (симптомдар, зертханалық зерттеулер, сәулелену әдістері) бірге қолданылады.

3-ші деңгейлі оңалту шаралары емханада мынадай ретпен орындалады: Жеңіл дәрежеде пневмония клиникалық көрсеткіштері бойынша,

Орташа пневмония 10-14 күн. Жасанды өкпе желдеткішті қолданбаған ауыр пневмония 10-14 күн. Жасанды өкпе желдеткішті қолданған ауыр пневмония 14-21 күн. Осы күндер аралығында науқастар күнделікті 3 сағат ішінде виброакустикалық терапия, PEP регламентімен тыныс алу жаттығуларын, қалыпты түзету, палатада жүру, жоғарғы иық белдеуінің бұлшықеттеріне жаттығуларды, төменгі аяғындағы бұлшықеттерге арналған жаттығуларды, 4-8 л / мин ағынымен оттегі терапиясы, психологиялық қолдау ем-шараларын алады.

– Сұхбатыңызға рахмет!