COVID-19 адамнан итке жұққан: қойға немесе сиырға жұғуы мүмкін бе

0

Италия ғалымдары адамдар үй хайуанаттарына вирус жұқтырады деген болжамды растапты

Италияның солтүстігіндегі Ломбардияда 540 ит пен 277 мысықты тексеріп, қожайындары ауырған кезде  немесе олар індет зілі басымырақ жерлерде жүрсе SARS-CoV-2 жұқтыратынын анықтаған.

Зерттелген иттердің 3,4, ал мысықтардың 3,9 пайызында антиденелер пайда болған.

Германиядағы Фридрих Леффлер атындағы институттың басшысы Томас Меттенляйтер ит пен мысық  адамдар арасында вирус таратады деген қауіп негізсіз, COVID-19 тек адамнан адамға жұғады деп тұжырымдаған.

Қойға не сиырға жұғатыны туралы қазірге ақпарат жоқ.

egemen.kz