Coronavirus2020.kz сайтына 30 миллион теңге жұмсалған

0
261

Қазақстанда COVID-19 туралы ақпарат тарататын сайтқа (Coronavirus2020.kz) 30 миллион теңге жұмсалған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.

«Осы вирустық инфекция шыққанда біздің халыққа және оқырмандарға осы бағытта ақпарат алуға мүмкіндік беретін бір нақты ресурс қажет болды. Сондықтан сайт жасалды, оған Telegram-арна ашылды. Ондағы оқырмандар саны – 240 мың адам, бұл осы ресурстың өзектілігі мен танымалдығын көрсетеді.

Барлық ресурс оны негізінен вирустық инфекциямен күресуге қатысты мәселелер мен мемлекет қабылдаған шаралар туралы толық ақпарат алу үшін қолданғаны түсінікті. Осы сайтты сүйемелдеуге сома бойынша шамамен 30 миллион теңге жұмсалды», – деді Балаева.