Cолтүстік Қазақстанда қызылша дерті өршіп барады: науқастар саны 100-ден асқан

0

Өңірде қызылша ауруы тез тарап жатыр, науқастардың арасында балалар мен жүкті әйел бар

ПЕТРОПАВЛ, 1 наурыз — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында қызылшамен ауырғандар саны 100-ден асты, науқастар арасында жүкті әйел бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, бір апта бұрын қызылшаға шалдыққандар саны 64 еді, қазір 101-ге жетті. Науқастардың жартысы – 0 мен 14 жас аралығындағы балалар.

100 мың адамға шаққанда қызылша дертінің көрсеткіші 16,9 болды, бұл соңғы 15 жылдағы көпжылдық орташа мәннен (3,0) әлдеқайда көп.

Сонымен бірге, облыстық перинаталдық орталықта 26 ақпаннан бастап қызылшаға байланысты карантин енгізілген, босану кезінде серіктерді кіргізбейді. Медициналық мекеме берген мәлімет бойынша, мұнда оқшауланған палатада жүкті әйел дәрігерлердің бақылауында жатыр.



sputniknews.kz