Цойдың не үшін министр қызметінен кеткені белгілі болды
Еліміздің бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой не себепті қызметтен кеткені анықталды. Өз қалауы бойынша қызметтен кеткен министр бір жарым жыл денсаулық сақтау саласын басқарған болатын, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Иә, басқа қызметке ауысуына байланысты өз қалауы бойынша жұмыстан кетті», — деді министрліктің баспасөз қызметі.
Алайда бұрынғы министрдің қандай қызметке ауысқаны және оның мемлекеттік қызметті қалу-қалмауы айтылмады.