Цой мәлімдемесі: «омикрон» штамына байланысты жаңа шектеулер енгізіле ме?

0
579

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде «омикрон» штамына байланысты қандай шектеулер болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта ең бастысы — мониторинг мәселесі, өйткені штамм әзірге зерттелмеген. Білесіздер, штамдар дүние жүзінде шашыраңқы, олар көп және әртүрлі – «лямбада», Eta штамы. Әр штамға ерекше назар аударылады. Оның әлемде, әсіресе алғаш рет анықталған елдерде қалай тарайтынын түсіну маңызды», — деді министр.

Цой Женевада өткен кездесуде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры бұл штамды зерттеу үшін жұмыс тобы құрылғанын айтқанын еске салды.

Сонымен қатар министр елде ПТР-нәтижесі оң, шетелден ұшып келген азаматтардан материал жинау жалғасып жатқанын атап өтті. Алынған үлгілер вирустардың қандай штамм түріне жататынын анықтау үшін секвенирлеуге жіберіледі.

Министрдің айтуынша, жақын арада нәтиже дайын болады және «соның негізінде белгілі болады».

«Тағы да айтамын, бұл (елдегі шектеулер — ескерт.) вирустың қауіпіне байланысты. Егер вирус агрессивті болса, көп жағдай тіркелсе, ең бастысы ол ауыр ауру тудырса, онда әрине, қосымша шектеулер болады.

Бірақ тұтастай алғанда, вирустың барлық штамының тактикасы бірдей. Ең бастысы, ПТР-сынамасы вирус «омикрон» немесе басқа штамм екенін ажырата алады. Оны ПТР анықтай алады. Оны анықтауға болатыны ең маңызды нәрсе. Емдеу, негізінен, бірдей. Қазір тіпті «омикрон» анықталған елдерде де, басқа штамдар сияқты, бірдей емделеді. Сондықтан бұл жерде, негізінен, жүйе дайын», — дейді Алексей Цой.