Цой: коронавируспен ауырғандардың 99,9%-і – вакцина салдырмағандар

0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавируспен ауырғандардың барлығы дерлік вакцина алмағандар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Ауырғандардың 99,9%-і вакцина салдырмағанын атап өткім келеді. Бұл иммунизацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейді», — деді Цой баспасөз мәслихатында.

Ол әр екінші ересек қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғанын атап өтті.

Айтуынша, қазіргі таңда 8,6 миллион доза пайдаланылған, оның ішінде бірінші компонент 5 230 750 адамға егілді. Бұл вакциналауға жататын халықтың 52,8 процентін құрайды. Екінші компонент 3 436 617 қазақстандыққа cалынған.

Егу пунктерінде 713 мың дозаға жуық бірінші компонент және 1 миллион 300 мың доза екінші компонент бар, деп толықтырды министр.

Цой қазақстандықтарды тағы бір мәрте вакцина салғызып, індеттен қорғануға шақырды.