Home Жаңалықтар Цой коронавирус бойынша 3 сценарий ұсынды: Жүктемені жеңе алады

Цой коронавирус бойынша 3 сценарий ұсынды: Жүктемені жеңе алады

0
612

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі Қазақстандағы пандемияға қатысты үш болжам айтты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кеңес өтті.

Цой вирустың таралу жылдамдығы вирус геномындағы өзгерістермен байланысты екенін айтты.

«Ел аумағында анықталған мутацияланған штаммдарды ескере отырып, біз эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңарттық. Осылайша, пессимистік сценарий бойынша 2021 жылдың сәуір-маусымында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 370 мың адамды құрайды, ауруханаға жатқызу 190 мың адамды қажет етеді», – деді министр.

Екінші реалистік сценарий бойынша 2021 жылдың сәуір-маусымында тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 250 мың адамды құрайды, ауруханаға жатқызуға 127 мың адам қажет болады.

Оптимистік сценарий бойынша 2021 жылдың сәуір-маусымында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 140 мың адамды құрайды, 71 мың адамды ауруханаға жатқызуға қажет болады.

«Министрлік елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді, соның негізінде медициналық ұйымдардың коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуіне дайындығын арттыру бойынша шаралар қабылданады. Денсаулық сақтау жүйесі эпидемияның сценарийі бойынша жүктемені жеңе алады. Осыған байланысты шектеу шаралары жергілікті және елдік деңгейде де, өңірлік деңгейде де сараланған түрде қабылданады», – деді Алексей Цой.

Оның пікірінше, вакцинация қарқынын арттыру шектеу шараларын азайтуға және пандемияға дейінгі кезеңдегі қоғамға оралуға мүмкіндік береді.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету