Цифрлық революция миллиардтаған адамның арманына айналады – The Guardian

0
27 Қараша 2018, 15:36 267 0

Фото: panjury.com

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүкіл әлем бойынша интернетке қолжетімділіктің деңгейі күрт төмендеді және жақында жарияланған баяндамаға сүйенетін болсақ, болашақта цифрлық революция миллиардтаған адамның арманына айналуы мүмкін. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлайды.

The Guardian басылымы әлі еш жерде жариялана қоймаған баяндамада 2015 жылда бастап бүкіл әлемде интернеттің қолжетімділігі күрт төмендегенін анықтады. Сонымен қатар баяндамада интернетті қажет ететін бизнес пен білім беру саласында ауылды жерлерде және әйелдер арасында интернетті пайдалау деңгейінің аз екені айтылған. Бұл туралы БҰҰ-ның мәліметтер анализінде жан-жақты сипатталған және баяндаманы келесі айда Web Foundation ұйымы жариялайтын болады. Айта кету керек, бұл ұйымды бүкіләлемдік желіні ашқан Тим Бернерс-Ли құрған. Баяндама мәліметтері көрсеткендей, 2007 жылы интернетке жаһандық қолжетімділік 19%-ға, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 6%-ға төмендеген.

«Бүгінгі таңда интернетке қолжетімділіктің осындай деңгейде күрт төмендеуі алаңдаушылық туғызатын жағдай. Бұл біздің интернеттің өсімін дұрыс бағаламағанымызды көрсетеді. Кейбір адамдардың интернетке қолжетімділігі, ал басқаларының интернетке мүлдем кіре алмауы үлкен проблема. Себебі бұл теңсіздік проблемасы бар екенін көрсетіп тұр және теңсіздік күннен күнге ұлғайып барады деген сөз», — дейді Web Foundation ұйымының зерттеулер директоры Дханарай Тхакур.

2014 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 2017 жылға қарай бүкіл әлемнің тең жартысында интернет болады деп болжаған еді. Ал соңғы баяндамадан белгілі болғандай, интернетке қолжетімділіктің төмендеуі бұл межеге адамзаттың тек 2019 жылы мамыр айында ғана жетуі мүмкін екенін көрсетеді.

2005-2017 жылдар аралығында жылына 11% өсім деңгейі сақталып тұрған болса, қазіргі таңда жыл сайын жарты миллионнан бастам адам желіге қосылар еді. Тағы бір айта кетерлігі, Интернетке қол жеткізе алмай отырған 3,8 миллиард адамның көбі әйелдер екен. Ал кедей жерлерде интернетке кіре алатын екі ер адамға дәл осындай жағдайдағы бір әйелден келеді екен.

Экономикалық мүмкіндіктер кесірінен бір-бірімен интернет арқылы байланыса алмайтын адамдар онлайн дебаттардан, білім алу саласынан ажырап, жеке куәлікке өтініш беру немесе салық төлеу секілді мемлекеттің цифрлық қызметтеріне қол жеткізе алмайды.

«Біздің күнделікті өміріміз күннен күнге цифрланып бара жатыр, ал интернетке қол жеткізе алмаған автономды топтар басқаларына ілесе алмай қалуы мүмкін», — делінген баяндамада.

БҰҰ Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшы орынбасары Малкольм Джонсон 2018 жылы желтоқсанда шығатын мәліметтерде интернетке қолжетімділіктің баяу дамып, тіпті кері кетіп жатқаны белгілі болатынын айтқан болатын.

«Бұл жағдайды өзгерту үшін басқа іс-әрекеттерді қолға алу керек. Бізге қазіргіден де арзан байланыс керек немесе контентті жақсарту үшін көбірек мамандарды тартқанымыз жөн», — дейді ол.

Көптеген зерттеулерде интернетке қолжетімділік экономикалық өсімнің дәлелі бола алатыны туралы айтылып жүр. 2012 жылы Берклидегі Калифорния университеті жариялаған баяндамада ІЖӨ 1,35% өссе, интернетке қолжетімділік 10 пайызға артатыны айтылған. Дәл сол жылы жарияланған «Делойт» есебінде де адам басына шаққандағы ІЖӨ жарты пайызға артса, интернеттің қолданылуы екі есе артатыны айтылды.

Вашингтондағы Pew зерттеу орталығының қазан айындағы зерттеуі нәтижесінде Сахараның оңтүстігіндегі алты мемлекетте онлайн қолжетімділік деңгейі артқан. Сауалнамаға қатысқан адамдардың 79%-ы интернетке қолжетімділік білім беру саласының артуына оң әсер еткенін, жартысынан астамы экономика мен саясатта оң өзгерістер болғанын байқаған. Ал зерттеуге қатысқандардың 45%-ы Интернеттің қолжетімділігі адамдардың мораліне де оң әсер етті деп есептейтіндерін жеткізген.

Интернетке қол жеткізе алмай отырғандардың көбі автономды режімде өмір сүреді. Себебі мұндай қоғам телекоммуникациялық қызметтер үшін ақша төлей алмайды. Сонымен қатар әлемнің ең түпкіріндегі кейбір кедей мемлекеттерде интернетке кіруге деген қызығушылық та жоқ. Тіпті, кейбірінің мобильді телефонға ақшасы жетсе де, олар Интернетке қалай кіріп, қалай пайдалану керек екенін білмеуі мүмкін.

«Адамдар байланыс үшін ақша төлеуі керек, сол себепті олар үшін түсінікті контенттің, оларға пайда әкеле алатын контенттің болғаны маңызды. Жаңа спутниктің технологиялар арқылы интернетке қолжетімділікті арттырсақ, жағдай мүлдем басқаша өзерер еді», — дейді Джонсон.

Цифрлық гендерлік теңсіздікте ер адам мен әйелдердің еңбекақысындағы айырмашылық та үлкен рөл ойнайды. Бірақ бұл жалғыз фактор емес. Әйелдер тек қана экономикалық жағдайдан емес, әлеуметтік нормалардан да цифрлық революцияға қол жеткізе алмауы мүмкін», дейді Web Foundation ұйымының желіге қолжетімділік теңдігін қамту бөлімінің маманы Нанджира Самбули. Оның айтуынша, технология – теңсіздіктерді шеше алатын фактор емес.

Ағылшын тілінен аударған Алтынай Қуанышбек


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ