Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне 4 вице-министр тағайындалды — Қазақстан жаңалықтары
Бүгін ҚР Үкіметінің Қаулысымен цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне 4 вице-министр тағайындалды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ведомсваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет Қаулысымен бірнеше жыл бойы Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі міндетін атқарып келген Марат Нұрғожин Рахмалыұлы қызметінен босатылып, цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.
Сондай-ақ, осы уақытқа дейін ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болған Дарын Тұяқов та лауазымынан босатылып, цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Сонымен қатар, осы Қаулы бойынша 2017–2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы міндетін атқарған Абылайхан Оспанов және 2017 жылдың ақпанынан бастап ҚР Блокчейн және криптотехнологияларды дамыту қауымдастығының вице-президенті қызметінде болған Асхат Оразбек цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері болып, жаңа қызметке тағайындалды.
stan.kz