Цифрлы жүйеге көшу жемқорлықтың жолын кеседі

0
87

Соңғы мәлімет бойын­ша Ал­матыда қоғамдық көлік­те ақ­­ша­сыз төлем жасау үлесі 98 па­­­йыз-

дан асқан. Бұл күніне 1 мил­лион­нан астам электронды тран­закция жасалады деген сөз. Агенттік басшысына Алма­ты­ның Көлік холдингінде «Оңай» электрондық жүйесі мен қоғамдық көлікті диспет­чер­лендіру жүйесінің аралық қорытындылары таныстырылды. Бұл бағытта едәуір ілгерілеу байқалады. Бірер жыл бұрын іске қосылған «ОҢАЙ» жүйесі мен автоматтандырылған көлік тұрақтары миллиардтаған қар­жыны «көлеңкеден» шығарып, оларды қала экономикасына тартуға мүмкіндік беріп отыр. Мамандардың сөзінше, атал­ған сала көлеңкеден толық шы­ға­рылды деп айтуға болады. Өткен екі жылда Алматыда 634 қоғамдық көлік сатып алынса, биыл бұл көрсеткіш 716 жаңа автобусқа жеткен.

Бүгінде Алматыдағы барлық цифрлы жоба негізінен үш принцип бойынша іске асырылуда. Бірінші кезекте – ашықтықты қамтамасыз ету және жемқорлық жағдайларын болдырмау, екіншісі – эконо­ми­ка­лық қайтарым, үшіншісі –  мем­лекеттік қызмет және қала тұрғын­дары үшін жайлылық сапа­сын арттыру.

Алик Шпекбаев шаһардағы Полиция жедел басқару орта­лы­ғына да бас сұқты. Поли­ция департаментінің Жедел бас­қару орталығында агент­тік төрағасына дамыған бейне­бақы­лау жүйелерінің енгізілуі мен «102» қызметінің сапасын арттыру бойынша қолда­ны­лып отырған шаралар жөнін­де баяндалды. Қазіргі таңда Алматыда қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыру мақ­са­тында жылдамдық режімінің бұзылуын автоматты түрде анықтайтын «RoadScanSpeed» жүйесі, белгіленген жолаққа шы­­ғып кетуді фотоға түсіріп а­ла­тын «Жолақ» жүйесі, «Қауіп­сіз аула» бағдарламасы бо­­й­ын­ша бейнекамералар және тағы да бірқатар жоба іске қосыл­ғанын айта кеткен жөн.

«Бүгінгі таңда саладағы бі­лікті операторлардың саны арт­ты, жаңа қызметкерлер қа­был­данып, олардың жалақы­лары үш есеге дейін ұлғайып отыр. 56 оператор тәулік бойы жұмыс істейді. Олардың жұмыс кестесі 24 сағаттан 12 сағатқа қысқарғаны қызметкерлер үшін өте тиімді. Қызмет көрсету жыл­­­дамдығы артып, жұмыс са­­пасы жақсарды», дейді Ал­маты қаласы ІІД бастығы Серік Күдебаев.

Жұмыс сапары барысында Алик Шпекбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінде өткен  Білім және ғылым саласына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынымдардың 1-кезеңінің таныстырылымына қатысты. Еске салсақ, ҚазҰУ базасын­да биылғы сәуір айында Мем­лекеттік қызмет істері, Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Алматы қаласы әкімдігімен бірлесе сы­байлас жемқорлыққа қарсы «Саналы ұрпақ» жобалық кең­сесі құрылған болатын.

Шараны ашқан оқу орда­сы­ның ректоры  Ғалым Мұ­танов: «Қазіргі таңда бұл кеңсе жастардың сыбайлас жем­­­қорлыққа қарсы түсінігі мен мәдениетін қалыптас­ты­­ру бағытында жұмысын жал­­ғас­тырып жатыр. Кеңсе қ­ұ­рыл­­ғалы 7 ай ішінде білім бе­ру мекемелеріндегі бар­лық дең­гей бойынша жем­қор­лық­қа қарсы жұмыстардың қызметін талдау, олардың сапа көрсеткішін өңдеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы жұ­мыстардың тиімділігін арт­тырудың тетігін табу бағы­тында бірқатар іс-шаралар өтті. Нәтиже жаман емес», дейді.

Қазіргі кезде елімізде жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл­дың құқықтық құрал­да­ры жасалған. Мемлекет бас­­­шы­сының Жарлығымен Қаза­қ­стан Республикасының Жемқор­лыққа қарсы стратегия­сы бекі­тіл­­ген, «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қоғам­дық кеңес туралы», «Ақ­параттың қолжетімділігі туралы» маңыз­ды заңдар қабыл­данғаны белгілі.

– Біздің ортақ міндетіміз – жемқорлықты мүлдем қабыл­дамайтын ашық ойлауды, құ­қықтық және қаржылық мәде­ниетті қалыптастыру, тұрмыс­тық жемқорлықты жою. Мем­ле­­кет­тік органдарға келген әр­­­бір жан кейде келеңсіздікке тап болады. Мұндай жайсыз жағ­­дай білім, денсаулық сақтау ме­­ке­­мелері немесе құқық қорғау орган­дарында кездесуі мүмкін. Сондықтан бұл індетті түп-та­мы­рымен жою мақсатында негіз­гі саланың барлығын жап­пай цифрландырудың маңы­зы зор. Рухани жаңғыру бағ­д­ар­­­ламасы аясында «Саналы ұр­пақ» жемқорлыққа қарсы жо­балық кеңсесі ашылғаны бар­шаға аян. Бүгін біз осы ор­та­лықтың негізгі қызмет бағыт­тарының іске асу барысын және жемқорлықпен күресте жоғары оқу орындарының ұстаздарын кеңінен жұмылдыру мәселе­лерін талқылауға жиналып отырмыз. Жемқорлықты түбе­гейлі жою – мемлекет­тік сая­саттың басты бағыттары­ның бірі. Елбасы Н.Назарбаев жем­қорлық дерті­мен күрес­те аза­маттық ұстаным мен қо­ғамдық белсенділіктің ма­ңыз­дылығын ерекше атап өткен. Осы ретте «Саналы ұр­пақ» жобалық кеңсесінің атқа­рар қызметі ұшан-теңіз. Орта­лық ашылғалы бері білім беру меке­мелерінде 200-ге жуық әр­­түрлі іс-шара өткізіліп, 10 мың­нан астам адам қамтылды. Бі­лім саласында жем­қорлық көрі­ністерін жоюға бағытталған нақты ұсыныстар енгізілді», дейді аталған шараға қатысқан қала әкімі Бауыржан Байбек.

Шаһар басшысының сөзін­ше, бұл бастамалар меке­ме­лерді цифрлы жүйеге көшіру арқылы көлеңкелі экономиканы барынша азайтуға, бюджет қаражатын үнемдеуге қызмет етуде. Мәселен, 2015 жылдан бері жеке мекемелерде 12 мың­нан астам орындық 327 балабақша ашылып, жалпы соммасы 22 миллиардты құрайтын мемлекет қаржысы үнемделген.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ