«Цифрлы Қазақстан»: Қызылорда облысы табиғат пайдаланушыларына жағдай жасалуда

0

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қызылорда облысы табиғат пайдаланушыларына жағдай жасалуда

 

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (әрі қарай – Басқарма) тарапынан, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қызылорда облысы табиғат пайдаланушыларының қоршаған ортаға шығарылатын нақты эмиссиялар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есептерін қабылдауға арналған электронды жүйесі (https://emission.orda.gov.kz) әзірленді.

2019 жылға дейін Басқармамен табиғат пайдаланушыларға берілген қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат негізінде тоқсан сайын нақты эмиссиялар есебі қағаз түрінде қабылданып келді.

Қазіргі таңда, табиғат пайдаланушылар облыс орталығына келмей аталған есептерді  электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тапсыруға мүмкіндікке қол жеткізді.

Сонымен бірге, бүгінгі күнге дейін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алған 1200 табиғат пайдаланушылардың 450-ін мемлекеттік мекемелер, коммуналдық мемлекеттік мекемелер және басқа да мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалар құрайды.

Есептерді қабылдаудың электронды жүйесі аталған 450 мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғалардың іс-сапарға, үй жалдауға және т.б. шығындарына жұмсалатын мемлекеттік бюджет есебінен бөлінетін қаржыны үнемдейді. Басқарманың жорамал есептеріне сәйкес есептерді қабылдаудың электронды жүйесі арқылы орташа есеппен бюджет қаражатынан жылына 32-36 млн. теңге үнемдейді.

Атап өтетін жәйт, Қызылорда облысы табиғат пайдаланушыларының есебін қабылдау электронды жүйесіне  ұқсас жүйе басқа облыстарда және республикалық деңгейде енгізілмеген.