Домой Жаңалықтар Чиншанлоның орнына қазақ қыздары бару керек еді — Жазира Жаппарқұл

Чиншанлоның орнына қазақ қыздары бару керек еді — Жазира Жаппарқұл

0
2326

Рио-де-Жанейро олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Ауыр атлетикада болып жатқан былықтардың бетін ашты. Бұл туралы Жазира журналист Аман Тасығанның «Talk Like» бағдарламасында қонақ болғанда кезінде айтты. Олимпиададан кейін бапкерлер денсаулығына байланысты Жазираны спорттан шеттенкен екен. «Емдеуге көмек беріңіздерші дегенде, «иә, иә » деп ұмыттырып жіберді. Берілетін жалақы, сыйақыларды да берген жоқ. Бар айтатындары «Ақша жоқ» деп, еш ескерусіз Құрамадан шығарып тастады.

Спорттан көңілі қалған спортшы соңғы жылдары әртүрлі бизнеспен айналысқан екен. Бірақ, бапкер ретінде еш жер жұмысқа қабылдамапты.

Токио олимпиадасына барған спортшыларға көңілі толмаған ол: «Зульфия Чиншанлоның орнына қазақ қыздары бару керек еді. Біздің бапкерлер өз» «любимчиктерін» ғана дайындайды. Негізі, өзімізде талантты спортшылар жеткілікті»-дейді Жазира.

«Альберт Линдердің өліміне тек бір бапкер кінәлі емес». Барлығы кінәлі деп санайтын Жазира спортшыларға көрсетілетін қысым туралы да айтты және олимпиададан кейін керек емес спортшыларды ысырып тастайтынын, еш қолдау көрсетілмейтінін айтып, болашақта саясатқа аралассам қазақ спортшыларына көмектесер едім дейді.