Черногорияда жалқаулардың арасында чемпионат өтті
Черногорияда жалқаулар арасында өткен чемпионат аяқталды және төрешілер » ең жалқау адамды» анықтады. Бірден екі қатысушы жеңімпаз атанды. Бұл туралы Slovenia Posts жазады. Биыл байқауға Черногория, Сербия, Ресей және Украинадан 21 қатысушы қатысты, ал 23 жастағы черногориялықтар Лидия Маркович пен Филипп Кнежевич жеңімпаз болып, рекорд орнатқан. Олар төсекте 50 күн және барлығы 1200 сағат жатқан. Сондықтан 1000 еуро жүлдені екіге бөлу туралы шешім қабылданды.
фото: orda.kz