Чернобыль апатының архивтегі суреттері

0

Осыдан отыз үш жыл бұрын ірі техногендік Чернобыль апаты барша әлемді дүр сілкіндірді

1986 жылдың 26 сәуірінде алғашқы сағаттарда жарылыс салдарын жойғандар аса қатты зардап шекті. Архивтегі ақ-қара түсті фотоларды көргенде, көз алдына сол кездегі сұмдық көрініс елестейді.  

Тағы оқыңыз: Чернобыль АЭС энергоблогының төбесіне жаңа саркофаг орнатылды — видео

Суреттердің бірінде арнайы амунициядағы әскери қызметкерлер Чернобыль атом электр стансасындағы жойқын апаттың салдарын көруге дайындалып жатыр. Олар радиация деңгейін өлшеуде. Экологиялық апатқа ұшыраған бейбіт қала көшелеріне әскери техника толып кетті.

Чернобыль апатының салдарын жойған адамдар өміріне қауіп төніп тұрғанын сезді ме? Сезінген болар… Алайда олар өзгелерді құтқару үшін өз өмірін қиды.

26 сәуір — Чернобыль радиациялық апатының құрбандарын еске алу күні. Sputnik Қазақстан фотолентасынан Чернобыль трагедиясының архивтегі суреттерін көре аласыздар.



sputniknews.kz