Чемпиондар лигасының финалы: «Реал» турнир жеңімпазы атанды

0

Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының финалында «Ливерпульден» басым түсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Шешуші матчте ұлыбританиялық команда кешігіп келді, оған қоса көрермен билеттерін тексеру ұзаққа созылды, сол үшін ойын 36 минутқа кеш басталды.

Кездесудің 59-минутында ойындағы жалғыз голды Винисиус Джуниор соқты. Бұл «Реал Мадридтің» матчтегі алғашқы соққысы болды.

Ағылшын командасы оған жауап ретінде көп шабуыл жасады, бірақ нәтижесіз. Мохамед Салахтың хет-трик жасауға мүмкіндігі болды, бірақ Тибо Куртуа Ливерпульдің барлық әрекетіне қарсы тұра алды.

«Реал» 45-минутта тағы бір гол соқты. Алайда Карим Бенземаның голы VAR-ды көргеннен кейін саналмады.

Айта кетейік, испан клубы өз рекордын жаңарта отырып, тарихта 14-рет бас еурокубок турнирін жеңімпазы атанды.