Чемпиондар лигасы: Ширек финал жеребесі тартылды

0

15 наурызда Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының ширек финалының жеребесі тартылды.

Жарыстың 1/4 финалында мына командалар ойнайды:

  • «Аякс» (Голландия) — «Ювентус» (Италия)
  • «Ливерпуль» (Англия) — «Порту» (Португалия)
  • «Тоттенхэм» (Англия) — «Манчестер Сити» (Англия)
  • «Барселона» (Испания) — «Манчестер Юнайтед» (Англия).

Алғашқы ойын 9-10 сәуірде, қарымда матч 16-17 сәуірде өтеді. Жартылай финалда «Тоттенхэм» — «Сити» жұбының жеңімпазы «Ювентус» пен «Аякс» арасындағы матч жеңімпазымен ойнайды. Ал «Барселона» — «МЮ» арасындағы ойында жеңген команда «Ливерпуль» — «Порту» матчының жеңімпазымен кездеседі.

Жартылай финал матчтары 30 сәуір және 7 мамырға жоспарланған. Финал 2 маусымда Мадридте (Испания) өтеді.

2018 жылы Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен испаниялық «Реал Мадрид» 1/8 финалда «Аякс» командасынан жеңіліп, жарыстан шығып қалды.

Чемпиондар лигасы — UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) құрамына енетін елдердің клубтары қатысатын әлемдегі ең ірі футбол жарыстарының бірі. Коммерциялық жарысқа UEFA ұйымына мүше елдердің чемпионатында жеңген және жүлде алған командалар қатысады.

Азаттық