Чемпиондар лигасы: Месси жарақаттанып, Роналду рекорд орнатты (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

10 сәуірде Чемпиондар лигасының ширек финалында «Аякс» пен «Ювентус», сонымен қатар «Манчестер Юнайтед» пен «Барселона» футбол клубтары ойын көрсетті.

 

«Манчестер Юнайтед» мен «Барселонаның» кездесуі 0:1 есебімен каталониялықтардың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Eurosport порталына сілтеме жасап. 

 

Ойынның алғашқы кезеңінде Крис Смоллинг Лионель Мессидің бетін жарақаттады. Дәрігерлер футболшыға көмек көрсетті, алайда Месси ойыннан бас тартпады. 

 

Ал «Аякс» пен «Ювентус» клубтарының кездесуінде Криштиану Роналду рекорд орнатты. 

 

Sports.ru порталының мәліметінше, португалиялық футболшы ойынның алғашқы кезеңінде гол соқты. 34 жастағы ойыншы ойынның 45-минутында көзге түскен. 

 

Бұл Роналдудың жарыстың 161-ойынындағы 125-інші голы болды. Осылайша, ол Чемпиондар лигасында рекорд орнатты. 



stan.kz