Челахтың ісін Жоғарғы сот қарайды

0
76
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

122 0 0

Владислав Челахтың ісінің қайта қаралуы біріккен ұлттар ұйымы комитетінің шешімімен байланысты

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. «Арқанкерген» қосынында көп адамды өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан Владислав Челахтың ісін Жоғарғы сот қарайды.

Жоғарғы сот сотталған Челахтың істі қайта қарау туралы өтінішін қанағаттандырғанын растады, деп хабарлайды . Өтініш біріккен ұлттар ұйымының адам құқықтарын қорғайтын комитетінің шешімімен байланысты.

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Челахтың ісін 2019 жылдың 22 қаңтарында қайта қарайды. Сотта Челахтың болып-болмауы белгісіз. Соттың онымен видеоконференция арқылы байланысқа шығу мүмкіндігі бар.

Владислав Челахтың ісін қараша айында БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті қарады. Ұйымның көмегіне марқұм адвокат Серік Сәрсенов жүгінген еді.

БҰҰ комитетіндегілер Челахтың ісін қарауда халықаралық азаматтық және саяси құқықтар пактісі бұзылды деген шешім шығарды.

Арқанкергендегі қанды қырғын

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Арқанкерген» қосынындағы елді есеңгіреткен қайғылы оқиға 2012 жылдың мамыр айында болды. Тергеу 19 жастағы Владислав Челах 14 қызметтесі мен егерьді өлтіріп, кейін казарма мен адамдардың мәйітін өртеп жіберді.

Тағы оқыңыз:

Сот Челахты 15 адамның өлімі үшін кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Дәл қазір Челах түрме жаргоны бойынша «Қара бүркіт» деген атауға ие болып жүрген колонияда жазасын өтеп жатыр.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/