Cерік Ибрагимов келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып алды (видео)

0

Осыдан бірнеше күн бұрын әнші Серік Ибрагимовтың үшінші перзенті өмірге келді. Өнер иесі келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып алған сәтті Instagram желісіндегі парақшасында көрсетті, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

«Аллаға шүкір! Баршаңызға жұғысты болсын. Ешкімге айтпай, перзентханадан шығарып алдық. Рақмет саған, ботам», — деп жазды әнші. Сонымен қатар Серік Ибрагимов ұлына әлі есім қоймағанын да жасырмады. «Әлі сәбидің есімін қойған жоқпыз. Баламыздың атын «Елдің баласы болсын» деген ниетпен бірге қойсақ, қалай қарайсыздар?», — деп жазды әнші.