Cарбаз асылып қалған белдік өзінікі емес, оны өлі күйінде тапқан адамдікі болып шықты – Бибігүл Рамазан

0

Қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан Жамбыл облысындағы Шөлдала бекетінде өзіне қол салған Мираш Бекбол туралы тағы бір деректер келтірді.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Мираш Бекболдың ісі туралы тағы тың дерек жазайын деп отырмын, бұл сарбаз атқорада суицид жасап тұрды деді ғой деректер, ременьге асылып тұрды. Енді ол ремень өзінікі емес, қасындағы сарбаздың ремені. Енді тергеушілер бұл жәйтқа да мән бермей отыр. Неге басқа біреудің ремені? Және Мираш Бекболды тауып алған сарбаздың ремені. Бұл жәйтты қалай ойлайсыз? Неге қасындағы сарбаздың ремені? Ол сарбаз ременсіз қалай жүрді екен? Шалбары түсіп кетпейді ме?

17 тамыздан 18 тамызға қараған түні не болды?

Олар ішімдік ішкен, шекарашылар күнін тойлаған, содан кейін 19 тамыз Мираш Бекбол суицид жасады. Өз ремені емес басқа сарбаздың ременімен.

Менің басымдағы деректер жантүршігерлік! Енді әділдік талап етеміз!», — деп жазды Бибігүл Рамазан.